Б.Б. Динаева
Филология ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор.
Email: bekzat.dinayeva@astanait.edu.kz
«Қазақ тілі (B2-1)» курсы IT саласының студенттеріне арналған және олардың ғылыми, кәсіби және әлеуметтік-коммуникативтік жағдайларда мемлекеттік тілді еркін қолдану құзыретін қалыптастыруды мақсат етеді. Бағдарлама ҚР БҒМ бекіткен типтік оқу бағдарламаларына, тіл саясаты тұжырымдамасына және мемлекеттік тілді үздіксіз оқыту жүйесіне арналған әдістемелік негіздерге сүйенеді. Курста студенттер мәтінді талдау, аргументті пікір білдіру, ғылыми стиль ерекшеліктерін түсіну, жобалық жұмыс орындау, презентация жасау және түрлі коммуникативтік жағдаяттарда тілді қолдану дағдыларын дамытады.
Оқу барысында студенттер ұлттық құндылықтар, еңбек нарығы, технология, ақпараттық мәдениет, интернет қауіпсіздігі, авторлық құқық, коммуникация мәдениеті сияқты тақырыптарды меңгереді. Жазылым, оқылым, айтылым және тыңдалым бойынша системалық жұмыстар жүргізіледі. Әр модуль грамматика, лексика және функционалдық стильдің негізгі ерекшеліктерін меңгеруге бағытталған. Практикалық сабақтарда студенттер мәтіндерге аңдатпа жазады, сыни пікір білдіреді, сұхбат пен пікірталасқа қатысады, жобаларда мәтіндік ақпаратты тиімді пайдаланады.
Курстың пререквизиті – «Қазақ тілі» пәнінің B1 деңгейін меңгеру. Студент қазақ тілінде базалық деңгейде мәтін оқу, қарапайым пікір білдіру, лексикалық және грамматикалық нормаларды меңгерген болуы тиіс. Жобалық жұмыстарды орындау үшін компьютер және LMS Moodle платформасында жұмыс істеу дағдысы қажет.
Филология ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор.
Email: bekzat.dinayeva@astanait.edu.kz
Филология ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор.
Email: s.sapina@astanait.edu.kz
Генеративті жасанды интеллект құралдарын тек мәтінді өңдеу, грамматикалық қателерді түзету және идея генерациялау үшін қолдануға рұқсат етіледі. ЖИ көмегімен толық жазылған мәтінді өз жұмысы ретінде өткізуге тыйым салынады. Қолданылған жағдайда міндетті түрде тапсырмада көрсету қажет.
LMS жүйесінде қойылған мерзімнен кеш тапсырылған жұмыстар дәлелді себепсіз қабылданбайды. Midterm және Endterm аптасы аяқталғаннан кейін ешқандай жұмыс қабылданбайды.
Қорытынды емтихан — жобаны презентациялау және қорғау. Презентация құрылымы, мазмұны, зерттеу нәтижелері, баяндау шеберлігі және сауаттылық бойынша бағаланады. Антиплагиат: бірегейлік кемінде 80% болуы қажет.
Үш рет дәлелсіз себепсіз сабаққа келмеу туралы оқытушы әкімшілікке хабарлауға құқылы. Денсаулыққа байланысты жағдайларда құжаттарды әкімшілік арқылы рәсімдеу керек.
ОЖБӨЖ арқылы оқытушы қосымша материал, түсіндіру және жеке кеңес беру арқылы көмек көрсетеді. БӨЖ — студенттің өз бетінше жұмыс істеуі үшін арналған.