Перейти к основному содержимому

Оқыту Әдістері мен Стратегиялары


AITU
Запись на курс закрыта

Курс туралы ақпарат

Курстың пәні – жоғары оқу орнында оқыту үдерісі. Курстың оқу бағдарламасы жоғары оқу орнынан кейінгі білім беруді жүзеге асыруды реттейтін құжаттар негізінде әзірленген, сондай-ақ пән мазмұнын іріктеу барысында «Білім берудің үздіксіздігі негізінде IT-пәндер оқытушыларының әдістемелік құзыреттілігін дамыту жүйесін құру» атты гранттық қаржыландыру негізіндегі ғылыми жобаның нәтижелері пайдаланылды.

Пәннің өзектілігі келесі факторлармен айқындалады: ақпараттық технологиялардың дамуы, білім беру сапасының артуы және білім алушыларды еңбек нарығына бейімдеп даярлау қажеттілігі.

Курстың мақсаты – мамандарды даярлау саласындағы пәндерді тиімді оқыту үшін тыңдаушыларда қажетті әдістемелік құзыреттілікті қалыптастыру.

Курс екі модульден тұрады.
1-модульдің міндеттері – «Пәндерді оқыту әдістемесінің негіздері» тыңдаушыларды педагог мамандығына кіріктіру, практикалық бағдарланған оқыту арқылы оқу материалдарын әзірлеу үдерісін және білім беру үдерісін педагогикалық жобалау – оны кезеңдер жүйесі ретінде қарастыру, олардың әрқайсысына тән міндеттері мен шешу әдістемесін зерттеу, сонымен қатар оқу мақсаттары, студенттердің оқу нәтижелері және нақты нәтижелерге қол жеткізу дәрежесін бағалауға арналған мазмұн негізінде оқытудың жетістіктерін бағалау әдістерін қолдану бойынша білім мен дағдыларды қалыптастыру.
2-модуль – «Белсенді оқыту әдістерін қолдану» тыңдаушыларға интерактивті әрі ынталандырушы білім беру ортасын құру үшін әртүрлі стратегиялар мен құралдарды ұсынады. Бұл модуль тыңдаушылардың білім алушылардың белсенділігін арттыратын, сыни ойлауын, мәселені шешу және ынтымақтастық дағдыларын дамытатын белсенді оқыту әдістерін қолдануына көмектеседі.

Пререквизиттер

Жоғары білім педагогикасы

Постреквизиттер

Тұрақты даму және медиатехнологиялар

Курс авторлары

Мухатаев Айдос Агдарбекович

Мұқатаев Айдос Агдарбекұлы

Астана IT университетінің жалпы білім беру пәндері кафедрасының профессоры.
Педагогика ғылымдарының кандидаты, профессор. Педагогикалық өтілі 28 жыл, оның ішінде 8 жыл жалпы білім беретін мектепте, 4 жыл біліктілікті арттыру жүйесінде және 16 жыл жоғары білім беру жүйесінде.

Мухатаев Айдос Агдарбекович

Омарова Сафура Қарауылбекқызы

Astana IT University жалпы білім беру пәндері департаментінің сеньор-лекторы. Педагогика және психология саласындағы PhD докторанты. Жоғары білім беру жүйесінде 15 жылдан астам педагогикалық өтілі бар.

Жиі қойылатын сұрақтар

Қандай браузер қолданған жөн?

Open edX платформасын Chrome, Edge, Firefox, Internet Explorer, немесе Safari браузерлерінің соңғы нұсқаларымен қолданған дұрыс.

Платформаны қалай қолданамын

Сіз мына нұсқаулықты падалана аласыз.